Рыскулова С.Т
Т.А.Ә. Рыскулова Сейсебала Токтасыновна
Лауазымы: Балабақша меңгерушісі
Жалпы еңбек өтілі: 34 жыл
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 9 жыл
1988 жылы Рыскулова Сейсебала Токтасыновна еңбек жолын Шу ауданы , Төле би
ауылындағы «Гулжан» балабақшасында тәрбиеші ретінде бастаған.
1990 жылы Шу ауданы Аудандық білім бөлімі – әдіскер , бас маман қызметіне
ауыстырылды
1992 жылда Төле би ауылы «Айгул» балабақшасында тәрбиеші лауазымын атқарған
1997 жылдан Төле би ауылы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің кітапханашы,
2006 жылдан Аудандық Білім Бөлімі әдіскер, бас маман.
2010 жылда Шу қаласы «Бұлбұл» балабақшасының меңгерушісі
2012 жылы Алматы қаласы 7 Кәсіптік лицей – аудармашы, педагог-психолог .
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Айналайын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
қызметін атқарады.
Рыскулова Сейсебала Токтасыновна өз жұмысында балабақша басқаруы мен бақылауын жүзеге асырады:
- Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарын танып, біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, тілін жетілдіріп, өзін – өзі тануы арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.
- Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
- Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын қарапайым сүйіспеншілік, денсаулық, достық, бақыт сияқты құндылықтарға баулу.
- Баланың өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.
- Күнделікті бірлесе атқаратын іс – қимылдар барысында балалардың бойында қоршаған орта құбылыстарымен адамгершілік қарым – қатынас жасау.
Мектепке дейінгі ұйымында бақылау нәтижелерінің объективтілігі мен пәрменділігі: өлшенетін көрсеткіштердің динамикасын, мектепке дейінгі ұйымының тәрбиенушілердің сапалы білім мен тәрбие алуына бақылауды ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерді пайдаланады және мектепке дейінгі ұйымының бақылау бойынша талдамалық материалдар сапалы жасалған.