Таналиева Джимакуль Ратжановна
Таналиева Джимакуль Ратжановна
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімі «Айналайын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
1966 жылы 25-ші ақпанда Шу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген.
Білімі: Абай атындағы Жамбыл педагогтік училищесін «Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие» мамандығы бойынша 1990 жылы бітірген.
2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар институтының «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығын бітірген.
Жалпы еңбек өтілін 1991-1992 жылдары Шу ауданы, Далақайнар совхозы бала- бақшасында тәрбиеші болып алғашқы қызметін бастаған.
1992-1993 жылдары Мойынқұм ауданы, Ақбақай поселкесі бала -бақшасында тәрбиеші қызметін атқарған.
1993-2005 жылдары Ақбақай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.
2005-2006 жылдары Алматы қаласы №133 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.
2009-2010 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы Жерұйық экологиялық оталығында әдіскер педагог қызметін атқарған.
2010-2012 жылдары Е. Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.
2012-2022 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы «Аққайың» санаторлық бала- бақшасында меңгеруші қызметін атқарған.
2022 жылдан бері Шу ауданы, Төле би ауылы «Айналайын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.